2024 жылдың 24 мамырында Жазғы дкмалыс қарсаңында "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ Абай ауданы ТЖБ қызметкерлері келді: Абай ауданы ТЖБ аға инженері МЗ аға лейтенанты Т. Т. Көпобаев, Абай ауданы ТЖБ инженері Ж. Е. Диханбай және ТЖБ қызметкері О. П. Перевалова оқушылармен мінез - құлық ережелері бойынша әңгімелесті, табиғатта, ашық су айдындарында шомылу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салынды, ақпараттық парақтар таратылды. Мұндай әңгіме өткізу балаларға жазғы демалысқа жақсы дайындалуға көмектеседі, оны қауіпсіз және жағымды етеді.