Аналар күні құтты болсын!
Аналар күні құтты болсын!
Қазақстанда биыл мамырдың екінші жексенбісінде ең маңызды мерекелердің бірі-Аналар күні атап өтіледі. Бұл ерекше күн ананың әр адамның өміріндегі, оны тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және қазақстандық қоғамды қалыптастырудағы айрықша маңызын көрсетеді.
Бізге өмір сыйлаған аналарымызға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!
Мереке құтты болсын!