10 қазанда А. Байтұрсынұлы мектеп-гимназиясының базасында ата-аналар, педагогтар мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық керуен бағдарламасы аясында дебат ойыны өтті.
Бұл ойында біздің "Jas Urpag" мектеп клубының қатысушылары, аудандық турнирлердің жеңімпаздары, 11 А сынып оқушылары, Абишев Темірлан және Гуров Иван сөз сөйледі.
Іс-шара қонақтары мен қазылар алқасының мүшелері қатысушы командалардың жоғары дайындығын атап өтті!