
2025 жылғы 27-31 қаңтар аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Есірткіге жол жоқ!»челленджі өтеді.
⠀
????Бұл іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық әл-ауқатына жәрдемдесу, сондай-ақ жаман әдеттерден бас тартуға саналы көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
⠀
Челлендж аясында жоспарланған іс-шаралар:
⠀
????интерактивті дәрістер мен шеберлік сыныптары;
????тақырыптық конкурстар, викториналар және спорттық іс-шаралар;
????оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың қатысуымен өтетін флешмобтар;
????«Денсаулық – бұл таңдау!» ұранымен өтетін балалардың шығармашылығы мен плакаттар көрмесі.
⠀
✔️Барлық оқушыларды, ата-аналар мен педагогтерді челлендж іс-шараларына белсенді қатысуға және салауатты және саналы болашақ үшін қозғалыстың бір бөлігі болуға шақырамыз!
⠀
‼️Жаман әдеттерсіз өмірге бірге қадам жасайық!