Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталықтың төртінші күні - «Жарнама күні» болып аталып өтті

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталықтың төртінші күні - «Жарнама күні» болып аталып өтті. Бұл күннің мақсаты – мәнерлеп оқу мен көркемдік дағдыларын дамыту, интернационализм мен достыққа, Отанға деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.
3А сыныбында «Роботы-помощник» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды дайындап, балалардың жана технологияларға сүйіспеншілігін, экологиялық білімін арттыруға бағыттады.
5Г сыныбында «Интересное о спорте» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырып, балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін, денсаулық білімін арттыруға бағыттады.
2–4 сыныптар арасында «Селфи с книгой» атты сайыс ұйымдастырылды. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарын отбасымен және достарымен оқуын көрсетті.
5–7 сыныптар үшін «Казахстан-наш общий дом» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: мәнерлеп оқу мен көркемдік дағдыларын дамыту, интернационализм мен достыққа, Отанға деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.
8–9 сынып оқушылары «Книга, изменившая жизнь» атты оқушылардың арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, кітапханаға бардық, олар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімеледі.
10–11 сыныптар арасында «Читающий бульвар» тақырыбында акция өтті, оқушыларға барлық қоғамдық орындарда баспа кітаптарын оқу ұсынылды.
«Жарнама күні» – апталықтың ен ерекше күні ретінде есте қалды. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын, ойлау қабілеттерін, оқу дағдысы көрсетті.