Тақырыбы: Облыстық «Өсу нүктесі» жобасы – тәжірибе бөлісудің зор мүмкіндігі

2025 жылдың 27 наурыз күні мектеп-лицей логопеді Рахимбекова Сарқыт Атеновна облыстық «Өсу нүктесі» жобасы аясы бойынша С.Сейфуллин атындағы гимназия мұғалімдеріне арнап «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы моторикасын дамытуда сенсорлық интеграция әдісін қолданудың құндылығы» атты семинар өткізді. Семинар барысында қазіргі кездегі сөйлеудің дамуының кешеуілдеуі, бес сезімнен басқа: есту, көру, иіс, жанасу және дәм, тағы екі сезім бар, олар да өте маңызды: проприоцепция (дене қалпын сезіну) және вестибулярлық жүйе (қозғалыс сезімі), т.б. түрлі сенсорлық терапияда қолданылатын ойындар туралы көптеген мәліметтер беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.