
2025 жылдың 26 ақпанында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлы педагог Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: олимпиада резервінің командасын одан әрі қалыптастыру үшін математикадан дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Аталған олимпиадаға лицейіміздің 9-сынып оқушысы Орал Әлібек қатысып, жүлделі 3 орынға ие болып, алдағы сәуір айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Әлібекке сәттілк серік болсын дей отырып, республикалық кезеңде жүлделі орынмен оралады деген үміттеміз. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі А.К.Мукашева