
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Ол кәсіптік білім беру реформасының маңыздылығын мәлімдеді және жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
31 қаңтарда № 7 жалпы білім беретін мектеп базасында жұмысшы мамандықтар жылының ашылуына арналған «Жұмысшы мамандықтар жылы: Болашақты бірге құрамыз» фестивалі өтті. Негізгі мақсаты: оқушыларға жұмысшы мамандықтары туралы түсінік беру, олардың кәсіптік бағдар беру саласындағы ой-өрісін кеңейту.
Фестивальдің жарқын бастамасы өзіміздің лицейіміздің 4 “Б” оқушыларының түрлі мамандық иелерінің киім үлгісінде өнер көрсетуі болды, одан кейін қаламыздың барлық білім беретін мектептердің үгіт-насихат бригадалары түрлі жұмысшы мамандықтарын таныстырды.
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары “комбайншы” мамандығын насихаттады. Бұл іс шарада тігіншілер, құрылысшылар, жүргізушілер, автослесарлар, аспаздар, кеншілер, дәнекерлеушілер және тағы басқа мамандықтар көрсетіліп, жақынырақ таныстырылды.
Іс-шара оқушыларының жаппай флэшмобымен аяқталды, ол мамандықтардың нағыз жарқын от шашуына айналды.
@bilimshahtinsk
#Birtutas_tarbie#gani_beisembayev #Біртұтас_тәрбие#Жұмысшыкәсіптержылы#Годрабочих профессий# Еңбегіадалжасөрен# Мамандықтарәлемі