Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы өз заманында: « Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деп аса көрегенділікпен айтып, туған тіліміздің сақталып қалуы үшін аянбай еңбек еткен.
Сол арыстарымыздың аманатына адалдық танытқан мектеп-лицей оқушылары қыркүйектің алғашқы күнінен «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесі аясында саптық жиынмен бой түзеп, түрлі іс-шараларды жоспарлап, өткізуге белсене кірісіп кетті. Мемлекеттік тілді құрметтеген елдің егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік болары сөзсіз.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
Тілім менің ғасырларға аманат