2024 жыл 02 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының халқына кезекті жолдауын жасады.
Жолдау бірнеше мәселеден тұрды. Соның ішінде білім беру саласы туралы мынадай мәселелерді қозғады. Мамандықтардың жетіспеушілігі және білім беру реформасы маңызды деп есептеді. 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялайтынын айтты. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігіне тоқталды. Адал еңбегімен табысқа жеткен адамдар құрметті сыйлы болу керек. Өз кәсібін жетік меңгерген адамдар ұлт сапасын арттырады. Әйелдер мен балаларға арналған қылмыстың алдын алу туралы заң қабылданды. Халықта жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады деген сөз бар.
Мұғалімдерге, дәрігерлерге, мәдениет қайраткерлеріне құрметті атақ беруге лайықты – деп, сөзін тұжырымдады.
2025 жылдың соңына дейін жаңа форматтағы 2017 мектеп салыну керек деп жоспарланды. Оған 134 млрд теңге бөлінгендігін айтты. Үздік оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын заманауи мектептер қажет екендігіне тоқталды. Баланың мектепке дайындау ісіне ерекше көніл бөліну керек. Мәселе; балаларды қорғау ісіне ерекше көңіл бөлінгендігіне өз пікірін білдірді. Жоғарғы оқу орындарын сапасын арттыру қажет екендігін, ғылымға көп көңіл бөлу екендігін, техникалық және кәсіби рөлін арттыру үшін реформалар жасау қажеттігін жеткізді.
Астана қаласында мектеп оқушыларына және студенттерге арналған «жасанды интелллект» орталығы ашылу туралы айтты.
Қазақстан Республикасының Президентті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз дамыған әділетті Қазақстанды бірге құрайық»,- деп ойын түйіндеді.
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің директоры: Аккулова М.Ж..
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына жайлы пікірі