“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 11 сәуірде ҚО ББД ОӘО қолдауымен «Мұражай сабағында білім берудегі заманауи технология» атты көрме-экскурсия өтті.
Ә.Бөкейханов атындағы тарихи-өлкетану мұражайына ҚО ББД ОӘО әдіскері А.Б.Каримбаева бастаған мектеп мұражай жұмысына жауапты педагогтер, қонақтар көрме-экскурсияға келді. Қонақтарды “Мұрагер” ансамбльі күмбірлеген күйлерімен қарсы алды және оқушылардың қол өнерлерінен көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мұражай жұмысының бағыттары таныстырылып, “Асыл әжелер” мектебі көне ұлттық қолөнер “Біз кесте”, “Ұршық” шеберлік сабағын көрсетті. Сондай-ақ қонақтар Ә.Бөкейхановтың партияда сөйлеген сөзі, КарЛАГ қуғын-сүргін қойылымы, “Өнегелі өмір” жобасы барысында кездесу сұхбат тамашалады. Іс-шара соңында Түркияда өткен”Alash star” байқауының бас жүлде иегері Сагындыкова Даяна “ Гүлістан Қазақстаным” әнін шырқап, қонақтарға әдемі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар мұражай жайлы жылы лебіздерін білдіріп, өте жақсы әсер алып қайтты.
@obb_qaragandy
@umckrg
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 11 сәуірде ҚО ББД ОӘО қолдауымен «Мұражай сабағында білім берудегі заманауи технология» атты көрме-экскурсия өтті