023 жылдың 27 ақпан мен 27 наурыз аралығында инклюзивті білім беруге арналған іс-шаралар айлығын өткізу аясында, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында «Біз - әр түрліміз, біз - теңбіз, біз - біргеміз!» атты ойын жаттығулары өткізілді.
Мақсаты: оқушылар арасындағы бір-біріне деген индивидуалды және сыртқы ерекшеліктеріне мейірімді көзқарасты қалыптастыру. Басқалардың эмоционалдық күйін түсіну қабілетін дамыту. Осы тақырыпты ашу мақсатында мектеп-лицейіміздің педагогикалық-психологиялық қолдау мамандары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аккулова М.Ж. ұйымдастыруымен "Көңілді шеңбер", "Зейінді бол", "Тапқыр бол" және сенсорлы интергацияны дамыту мақсатында "Тактильді сезіну" жаттығуларын орындау арқылы оқушылардың қарым қатынастары одан әрі нығая түсті.
@shahtinsk_obrazovanie
«Біз - әр түрліміз, біз - теңбіз, біз - біргеміз!» атты ойын жаттығулары өткізілді