Ағымдағы жылдың 23-желтоқсан күні Шахтинск қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде қамқоршылық кеңесі өтті.
Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нургул Мейрамовна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Темекінің зияны», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша есеп берді.
Екінші мәселе 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарымен таныстырды сонымен қатыр әр түрлі мәселелерді қарастырды.
@shahtinsk_obrazovanie
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ