«Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде» бекітілген жоспар бойынша қазан айының 10-14 күндері аралығында ағылшын тілі апталығы өтеді.
Апталықтың 1-ші күнінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Б.Тусибалинова 4 - сыныпта "People and places" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім әртүрлі қызықты тәсілдер қолдана отырып, түрлі жұмыстар жүргізу арқылы өз мақсатына жетті. Балалар бір - бірін, топты және өздерін бағалап отырды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар, білім алушылардың ағылшын тілін оқыту бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарының нысандары мен әдістерін, оларды ойын-сауық интерактивті әрекетке тарту арқылы жетілдіру және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын дамыту мақсатында 6-7 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара “Treasure hunting” сайысы болды.
Сайысты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.Қ.Сәдуова және А.Н.Байдүйсен ұйымдастырды.
Сайыс жеребе тастау арқылы топтарға бөлінуден басталды. Топтарға бөлінген қатысушылар капитандарын таңдап, станция атаулары көрсетілген маршруттық парақтарын алып, әртүрлі аялдамалардағы тапсырмаларды орындады.Нақты айта кетсек, Аялдамалар:
✅1. "Lexicology Palace" аялдамасы (сөздерді табу)
✅2. "Magic Puzzle" аялдамасы (пазл арқылы ребус шешу)
✅3. "Grammar Village" аялдамасы (осы шақ етістігін табу бойынша тест)
✅4. "Spelling Valley" аялдамасы (әріптерден сөз құрау)
✅5. "World of Text" аялдамасы (текстпен жұмыс )
Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазы алқалары
1-орын “Britain” тобы
2- орын “Canadians” тобы
3- орын “Australians” және “Americans” топтарын жеңімпаз деп тапты.
Орындарға ие болған топтар алғыс хаттармен марапатталады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
@shahtinsk_obrazovanie
Ағылшын тілі апталығы