back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
"Атадан мал қалғанша тал қалсын"
29-09-2022 00:09

     Дана халқымыз "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген сөзді бекер айтпаса керек. Бүгінде баба мұрасындай болған сол бір жасыл белдеуді бүгінгі ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қарашығындай сақтағаны жөн. Сол ізбен жалғасқан сара жол бүгінде алдыңғы аға буынның да басты ұстанымына айналғандай. Оған дәлел ретінде жыл сайын мектебімізде қолға алынатын шырша отырғызу жұмыстарын айтсақ болады. Бүгін қыркүйек айының 27 күні сондай жарасымды дүниенің жалғасын мектеп табалдырығын енді ғана аттаған 1 сынып оқушылары жалғастырды. Бұл іс шараның мақсаты сүйікті мектебіміздің көгалдануына үлес қосу.

     Бүгінгі ағаш отырғызу кейінгі ұрпақ үшін ерекше үлгі болды,себебі қандай жасқа келсең де өз мектебің үшін қамқорлық жасаудан аянып қалмау керек.

Новости