Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде мұғалімдер өздерінің кәсіби мерекесі-Мұғалімдер күнін атап өтеді.
Осы мереке қарсаңында облыстағы барлық білім беру ұйымдарында салтанатты шаралар өтті. 400-ге жуық ұстаз оқу-ағарту министрінің ведомстволық наградаларымен, облыс әкімінің және білім басқармасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
30 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлының қатысуымен облыстың ғана емес, еліміздің білім саласының дамуына үлес қосқан үздік ұстаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісімен және 1 225 200 теңге қаржылай сыйлықпен лицейіміздің директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевич мараппаталды.
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Жолшибекова Урхия Турганбековна мараппаталынды.
Ұстаздарымызды мерекелерімен және мараппаттарымен шын жүректен құттықтап! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және өркендеу тілейміз!
Қарағанды облысында кәсіби мереке қарсаңында ұстаздар ұлықталды