back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №4"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №4"
1 сынып оқушыларының мектепке жеңіл бейімделуі
21-09-2022 15:48
1 сынып оқушыларының  мектепке жеңіл бейімделуі
1 сынып оқушыларының  мектепке жеңіл бейімделуіне барлық жағдай  жасалған.
Бірінші сынып оқушыларының оқуға деген  мотивациясын  қалыптастыру мақсатында  бағаламау әдісі мен талпындыру  тәсілдері қолданылады. Оқушыларының мектеп талаптарына  бейімделуін жеңілдету үшін мектепте «баспалдақты» оқыту, оқу жүктемелерін  біртіндеп  көтеру  қарастырылған.
Қыркүйек айында  35 минуттан 3 сабақ өткізілсе, қазан айыннан бастып 45 минуттан  толық  сабақ  өткізіледі.
Сабақ  бірінші  ауысымда  сағат 8.50-де  басталады. Сабақ  кестесінде  оқушылардың ыстық тамақ  ішуі  мен  демалысы үшін 10 минуттық  және 20 минуттық  үзілістер  қарастырылған. Балалардың  қызығушылығын  арттыру мақсатында сабақтарда  жас ерекшелігіне  сай әр түрлі  ойын  әдістері қолданылып  өткізіледі. Сабақта ойын әрекетіне сай  түрлі – түсті  көрнекіліктерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Үзілісте  түрлі ойындар ұйымдастырылады. Мұғалімдер  сабақ соңында оқушылардың көңіл –күйін  білу мақсатында кері байланыс жүргізіп отырады.
Новости