13.11.2024ж.Теміртау қаласы «Құзыретті және тірек мектеп» - «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясында» «Ашық сабақтар біркүндігі» тақырыбында тәжірибелік - тағлымдама болып өтті. Тәжірибелік - тағлымдамаға «Қазақстан халқына» қоры - білім беру саласын үздіксіз дамыту жобасы аясында Астана қаласы НЗМ-нің мұғалімдері келіп әдістемелік вебинар өткізіп, сабақтарға қатысып, әріптестік ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар қаламыздағы серіктес және нысаналы мектептер «Қыздар гимназиясы», «№4 ЖББОМ», «№29 ЖББОМ», «№3 ЖББОМ», «Б. Момышұлы атындағы лицейі» мұғалімдерінің қатысып «Заманауи сабақ» деген қандай сабақ, «Заманауи мұғалім» деген қандай мұғалім болуы мүмкін деген ойтастамамен постер қорғап, пікір алмасты. Қатысқан барлық әріптескерге кәсіби-шығармашылық табыс тілейміз!
_ӘБГ, Калима Бопан_
«Құзыретті және тірек мектеп» - «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясында» «Ашық сабақтар біркүндігі» тақырыбында тәжірибелік - тағлымдама болып өтті.