back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн.
02-09-2024 18:49
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасында көгілдір түс аясында шеңбер пішінді және (киіз үйдің жоғарғы күмбезі) шаңырақтан күн сәулесіндей айнала уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң және сол жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жоғарғы жағында көлемді бес бұрышты жұлдыз,ал төменгі бөлігінде «Қазақстан»деген жазу бар.  Бейнеленген жұлдыз, шаңырақ,уық,қанатты пырақтар, сондай-ақ «Қазақстан»деген жазу-алтын түсті.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков  және Шота Уәлиханов. 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Сөздер авторлары:Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нажимеденов
Музыка: Шәмші Қалдаяқов

 

Новости