Біртұтас тәрбие бағдарламасы
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бүгін, Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясының мұғалімдер ұжымы оқу-ағарту министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Біртұтас тәрбие бағдарламасымен» танысты. Бағдарламада тәрбиенің 8 бағыты қамтылып, тәрбиенің үш құндылығы ұлттық мүдде, талап және ар-ұятқа негізделген. Жиын барысында ұстаздар қауымы өз ойларымен бөлісіп, сындарлы кері байланыс ұсынды. Бағдарлама аясында қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу, сондай-ақ, тәрбие жұмысының проблемалық мәселелері, себептері, шешу жолдары жан-жақты талқыланды Тәрбие бағдарламасы ұлттық тәрбиенің діңгегі болып саналатыны сөзсіз. 1 кезеңге қатысқан мұғалім саны-27.