back-image
«Қыздар гимназиясы» КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> «Қыздар гимназиясы» КММ
«ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ: ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК»: АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
05-02-2024 13:47
«ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ: ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК»: АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

⚡️ «ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ: ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК»: АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

 Астанада өткен мемлекеттік мектеп директорларының форумында орта, қосымша, инклюзивті және арнайы білім беру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесінің өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға Абай, Ұлытау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының 800-ге жуық мектеп басшысы қатысты.

⚡️ Мектеп директорлары күні бойы білім сапасын арттыруға қатысты тәжірибе алмасып, білім-біліктіліктерін жетілдірді. Атап айтқанда, менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, PISA-2022 нәтижелері және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тренингтер ұйымдастырылды.
TEDx форматындағы интерактивті сессияға ҚР

ℹ️ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Ол білім сапасын одан әрі арттыруға негізделген бес негізгі бағытқа тоқталды. Атап айтқанда: менеджментті нығайту және басшылардың кадрлық резервін қалыптастыру, педагогтарды даярлау және қайта даярлау тәсілдерін жетілдіру, оқу бағдарламаларын жаңарту, инфрақұрылымды кешенді жақсарту, сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау.

«Табысқа жетудің бірден бір жолы және басты құралы – сапалы білім. Осы бес бағыттың әрқайсысы отандық білім жүйесін заманға сай жақсартуды көздейді. Бұл ретте саналы және прогрессивті ұрпақты тәрбиелеуге қабілетті мұғалімдерге сенім арталады. Бүгінде министрлік педагогтарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәсілдерін жетілдіру жұмыстарын жүргізуде. Педагогикалық мамандықтардың соңғы курстарында оқып жатқан студенттердің білім ошақтарында тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылуда. Педагогтерді аттестаттау тетігі қайта қаралып жатыр. Ұлттық платформа арқылы процесті автоматтандыру көзделген», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі.

Новости