АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№ 14 мектеп-лицейі» КММ әкімшілігі 2022-2023 оқу жылында соңғы қоңырауға және қорытынды аттестаттауды тапсыруға арналған салтанатты жиынды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ЕСКЕРТЕДІ:
1. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға, қолма-қол ақша жинауға, соның ішінде ата-аналар комитетінің көмегімен тыйым салынады;
2. Мектептің қажеттіліктеріне, 4,9,11 сыныпты аяқтауға ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
3. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы барлық қатысушыларға нұсқау беруі қажет;
4. Мектеп оқушыларына оқу жылы мен мектептің аяқталуына арналған салтанатты жиын өткізілетін күні қаланың саябақтарында, ойын-сауық орындарында, сондай-ақ оданда тыс жерлерде жаппай мерекелер ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда аталған талаптарды орындаудың маңыздылығын еске саламыз, өйткені біздің балаларымыздың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі осыған байланысты.
Құрметпен, мектеп директоры Такишев Дархан Жанболатұлы
ВНИМАНИЮ РОДИТЕЛЕЙ!
Администрация КГУ «Школа – лицей №14» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области в целях формирования антикоррупционной культуры при проведении торжественной линейки, посвященной Последнему звонку и сдаче итоговой аттестации в 2022-2023 учебном году, ПРЕДУПРЕЖДАЕТ:
1. Администрации школы и педагогам запрещено получать подарки любого рода, собирать денежные средства, в том числе с помощью родительского комитета;
2. Категорически запрещается собирать деньги на нужды школы, на окончание 4,9,11 классов;
3. Администрации школы и классным руководителям необходимо провести инструктаж всех участников о порядке проведения мероприятия «Последний звонок» и соблюдении требований безопасности;
4. Категорически запрещается школьникам в день проведения торжественной линейки, посвященной завершению учебного года и школы устраивать массовые гуляния в парках, увеселительных заведениях города, а также за его пределами.
Уважаемые родители! Напоминаем, о важности выполнения вышеуказанных требований, так как от этого зависят жизнь, здоровье и безопасность наших детей.
С уважением, директор школы Такишев Дархан Жанболатович