
Биыл біз фашизмге қарсы Жеңістің 79 жылдығын атап өтудеміз. Жеңіс күні – соғысқа қатысқан 1 миллион 200 мың қазақстандықтың, олардың қайсарлығы мен батырлығының, сондай-ақ майдан артында еңбек еткен адамдардың еңбек даңқының ескерткіші.
Жеңіс күні бізге бейбітшілікті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, патриоттық жастарды тәрбиелеудің маңыздылығын еске салады.
Символикалық түрде, Жеңіс күнінен бір күн бұрын Қазақстан Отан қорғаушы күні мерекесін атап өтеді. Бұл екі дата бір-бірімен тығыз байланысты, себебі біздің батыр ата-бабаларымыз қазіргі Отан қорғаушылар үшін ерлік пен Отанға адал қызмет етудің үлгісі болып табылады.
https://www.instagram.com/p/C6wOuafIXda/?igsh=MWM1amJ5cHlvcHRjOQ==