back-image
"№28 жалпы білім беретін мектеп"КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "№28 жалпы білім беретін мектеп"КММ
Бастауыш сынып мұғалімі қызметіне (бос орынға) конкурс
15-11-2024 10:55
Бастауыш сынып мұғалімі қызметіне (бос орынға) конкурс

Бастауыш сынып мұғалімі қызметіне (бос орынға) конкурс

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№28 жалпы білім беретін мектебі" КММ.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: 101408, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кенті, Индустриальная көшесі, 4 үй.

Байланыс телефоны: 8-7213-44-51-28

Электрондық мекен-жайы: ossh28gtemirtau@mail.ru

Бос лауазымның атауы: мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі

Өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті өтінімдер Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№28 жалпы білім беретін мектеп " КММ ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап

7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі және жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтініштерді қабылдау.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:15.11.2024 ж.бастап 25.11.2024 ж. дейін Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№28 жалпы білім беретін мектебі" КММ қабылдау бөлмесінде, ҰБДБ АЖ "педагог жұмысқа қабылдау" платформасында.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.

Еңбекақы мөлшері мен шарттары:5 күндік жұмыс аптасы, оқу жүктемесі: аптасына 16 сағат. Жалақы: жоғары педагогикалық білім - 177 мың 00 теңгеден бастап.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

ҚР БҒМ "педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 13.07.2009 ж. № 338 бұйрығы  1-бөлімнің 3-тарауының 6-параграфының талаптары негізінде. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: 15.11.2024 ж. бастап 25.11.2024 ж. дейін Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№28 жалпы білім беретін мектеп" КММ қабылдау бөлмесінде

Құжаттар тізімі:конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

 

1)нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).

4, 5-тармақтарда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе конкурс өткізетін білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Новости