Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру
"Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ" КММ-де мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру туралы ақпарат.
Мектеп асханасында 1 аусымда- 370,2 аусымда -423 оқушы тамақтануы ұйымдастырылады.1-4сынып-311 оқушы,5-11сынып- 105 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.Асхана кезекшілері қадағалап,бақылап отырады.Мектебіміздегі "Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу" комиссия мүшелері мектеп асханасында тамақ сапасына,мәзір сәйкестігіне,санитарлық тазалықтың сақталуына бақылау жүргізеді.Күнделікті мәзір тексеріліп,тағам салмағы тексеріліп отырылады.
Асхана қызметкерлері жұмысына бақылау жасай отырып ,санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілді.Ата-аналармен өткізілген жиналыста "Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру","Е-асхана" бағдарламасы,қолма-қол ақшасыз,электронды карточкамен есептесу туралы айтылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Семинар соңында мектеп психологы Ибраимова Г.Ш.ата-аналар қауымен тренниг өткізді.Қатысқан :203 ата-ана.Асханада шағымдар мен ұсыныстар жазу журналы ілінген.