Әлуметтік психологиялық қызмет
ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Психолог жұмысының негізгі бағыттары
1.Психологиялық профилактика.
Мақсаты: тұлғаның психскалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
2.Психологиялық диагностика.
Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.
3.Психо түзету және дамыту.
Мақсаты:оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.
4.Психологиялық консультация.
Мақсаты: педагогикалық процесстің субъектілеріне кеңес беру.
5.Психологиялық білімді көтеру.
Мақсаты:педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтің басты мақсаты – даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтің міндеттері:
- оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін- өзі тәрбиелеу және өзін -өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету
- психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуметін дамыту;
- психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау
- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата –аналар мен педагогтерге консултациялық көмек көрсету;
- білім беру үдерісі субектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.