НОБД
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ — білім беру саласы бойынша статистикалық деректер жинау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған жүйе.
ҰБДҚ-да «ҚР БҒМ – білім басқармасы – білім бөлімі – білім ұйымы» тізбегі бойынша қолмен толтырылатын және жиналған, әкімшілік есептер үшін деректер жинау автоматтандырылған.
Мектептің базаға енгізген статистикалық мәліметтері:оқушылардың қозғалысы, педагогтер туралы мәліметтер, материалдық-техникалық база, мектеп бітіруші түлектер туралы мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Білім бөлімі ай сайын ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, білім мекемелерінің басшыларына ұсыныс жасайды.
Оқу жылының басында мектеп директорының бұйрығымен «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін уақытылы толтырылуы мен өзгерістер енгізу үшін жауапты тұлғалар тағайындалады.
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ бойыша мектеп директорының 2021 жылғы 01 қыркүйегінен № 185 бұйрығымен жауапты болып келесі мұғалімдер тағайындалды:
1.К.Ж.Бактыбаева директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2. Э.А.Анарбаева информатика пәні мұғалімі .