Лагерь күнделігі
21.06.24 Күннің іс-шаралары басты тәрбие идеясын жүзеге асыруға, ұжымды біріктіруге, балаларды жақындастыруға бағытталған. Балалар өздеріне ұнайтын іс-шараларды таңдап, сурет салды, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында " Дракон, принцесса, рыцарь" ойынына қатысты, кляксографиямен айналысты. Тәрбиешілер дұрыс тамақтану жайлы әңгіме жүргізді, арты балалардың постер қорғауымен жалғасты.