"Балалар жарақаты және оның алдын алу"профилактикалық әңгіме
22 желтоқсанда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласының білім бөлімінің "№2 ЖББМ" КММ-де балалар жарақаттануы және оның алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өтті. Аталған іс-шараның мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларда жарақат алу себептерімен таныстыру; қауіптің алдын алу туралы білімдерін кеңейту; зейінін ашу, тәрбиелеу, өз өмірі және басқалардың өмірі үшін жауапкершілік сезімін сезіну. (345 адамды қамту)