Нашақорлық - наркомания ( грек тілінен narke - мелшию және mania - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 000 адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша олардың саны 350 000-нан астам. Сондай-ақ есірткіге тәуелділердің 27%-ін 12-16 жастағылар құраса, 42%-інен астамы 17-26 жас арасындағылар, яғни, жастар.