Мектеп директоры
Мен, Елтай Жанарыс Саятұлы, 1993 жылы 19 желтоқсанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жараспай ауылында дүниеге келдім. 2011 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жараспай ауылында Жараспай орта мектебін тәмамдадым. 2015 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірдім. Мамандығым «Физика» пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолымды 2015 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Мағжан Жұмабаев ат. ЖББ мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2021-2022 оқу жылынан дәл осы мекемеде директордың оқу - жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2024-2025 оқу жылынан бастап. Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының директоры болып тағайындалдым.
1994 жылы 15 ақпанда дүниеге келген Ермек Айжарқын Мұсақызымен некелескенмін. Ол Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кентінде дүниеге келген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білімі бар, Нұра көпсалалы колледжінде педагог-ұйымдастырушы болып болып жұмыс істейді. Төрт баламыз бар.