Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шулембаева Анар Сериковна Мағжан Жұмбаев атындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде 2013/2014 оқу жылын бастап оқу ісінің меңгерушісі ретінде қызмет атқаруда.
2017 жылы «Білім беруді модернизациялауда қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбы бойынша 72 академиялық сағат көлеміндегі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлемінде тренинг семинарларына қатысып, арнайы сертификаттар иеленді.
Жоғары деңгейдегі жоғары санатты ұстаздың жетістіктері:
-
Қарағанды облысы педагогтарының кәсіби құзіреттілігін жоғарлатуға қосқан үлесі мен жоғары оқу-әдістемелік деңгейде педагогикалық іс-тәжірибесін таратқаны үшін «Даму» біліктілікті арттыру орталығының Алғыс Хаты.2017 жыл.
-
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген Х Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына жеңімпаз оқушыларды дайындағаны үшін Қарағанды облысы Білім Басқармасының Алғыс Хаты.23.02.2018жыл.
-
Мектеп оқушылары арасындағы Республикалы XVIII Абай оқуларының облыстық кезеңіне оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін Қарағанды облысы Білім Басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты. Қарағанды 2017 жыл .
-
XIХ Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңіне оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін Нұра аудандық мұғалімдер кәсіподақ ұйымының Грамотасы.2018 жыл.
А.С.Шулембаеваның ұйымдастыруымен, берген бағыты бойынша еңбек етіп жүрген білім ордасының педагог қызметкерлері облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби байқауларда жүлделі орындарға ие болып, педагогикалық шеберлігін шыңдауда. Мектеп ұстаздарының қатарында «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегерлері, «Педагогика саласының үздігі», «Дене шынықтыру пәнінің үздігі», «Биология пәнінің үздігі», «Талантты ұстаз» марапаттардың иегерлері бар.15 мұғалім «Жаңа білім беру жүйесі-заман талабы» атты республикалық ғылыми –тәжірибелік конференцияға қатысып, білім беру ісін жетілдіру бағытындағы идеяларын ұсынды. Мұғалімдердің жаңа заманға лайықталған сабақ жоспарлары конференция жинағына енгізілді. Қазақстан педагогтар қауымдастығының мақсаттары мен міндеттерін орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін оқу ісінің меңгерушісі Шуленбаева Анар Сериковна «Педагогика саласының үздігі» төс белгісімен марапатталады.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткізілген қазақ хандығының 550 жылдығына арналған әдеби және тарихи шығармалар сайысына А.С.Шулембаеваның жетекшілігімен дайындаған оқушылардың жұмыстары жоғары бағаланып, үздік сайыстық жұмыс ұсынғаны үшін арнайы сертификат иеленді.
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖОББ мектебінде А.С.Шулембаеваның ұйымдастыруымен Назарбаев Зияткерлік мектебімен оқытудың сапасын арттыру мақсатында оқу жылы бойынша «Әдістемелік жұмыс күндері» өткізіліп тұрады.
Әдістемелік жұмыс күндері Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері тәлімгерлік пен коучингті, мектептің дамыту жоспары, оқушылар қауымдастығын құру жолдарын көрсету мақсатында шеберлік сабақтар өткізіп, мектеп мұғалімдерімен бірлесіп коучингтер өткізді.
Бірлескен жұмыстардың басты бағыты – бұл пилоттық мектептің педагог қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.
Шулембаева Анар Сериковна әріптестерін өзіне тартумен қатар олармен бірлесе отырып, жұмыс атқарады. Педагогикалық шеберлік сабақтардың дәстүрлі түрлерімен бірге, қалыптан тыс түрлерін де өткізеді.
А.С.Шулембаева ұжым арасында сыйлы, жас мамандармен өз тәжірибесімен бөлісуде. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналар арасында үлкен құрметке ие.