back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Жанкуатова Кулпаш Даукесовна

Жанкуатова Кулпаш Даукесовна

Мектеп директоры

 

 

Жанкуатова Кулпаш Даукесовна Еуразия Ұлттық университетінің  бастауыш білім беру педагогикасы мен методикасы  мамандығы бойынша білім алған, жоғарғы деңгейдегі, жоғары санатты ұстаз.  

Ұстаздық еңбек өтілін Нұра  ауданындағы Киевка № 3   орта мектебінде бастады.    1998/2005 жылдары   Киевка №2 қазақ орта мектебінің  бастауыш сыныптары бойынша оқу-тәрбие  ісінің меңгерушісі  қызметін атқарды,  2005 жылы Нұра ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі  болып тағайындалды.   2013/2014 оқу жылынан бастап Киевка №2 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің (қазіргі атауы «Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ)  директоры қызметін атқаруда.

Басқару саласында еңбек етумен қатар, бастауыш сынып  мұғалімі қызметін де абыроймен атқаруда. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін барлық жағдай  жасалған.

  К.Д.Жанкуатованың мұғалім, сынып жетекші, әдістемелік бірлестіктердің  жетекшісі, оқу ісінің меңгерушісі, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектеп директоры  ретінде кезең-кезеңімен атқарылған лауазымдық міндеттері  –  ұстаз тұлғасын бейнелейтін кезеңдері.

Жанкуатова Кулпаш Даукесовна - тәжірибелі, ізденімпаз, шығармашыл, алдыңғы қатарлы білімді ұстаз, іскер басшы, Нұра аудандық мәслихатының депутаты.

Әр жылдары К.Д.Жанкуатова басқаратын  Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі бітіруші түлектері жоғарғы көрсеткішке ие.  Өткен жылы мектептен   екі   «Алтын белгі» және екі  «Үздік аттестат» иегерлері шықты. Биылғы оқу жылындағы түлектердің  үшеуі  «Алтын белгі» иегері атанды. ҰБТ-ның көрсеткіші бойынша аудан көлемінде алдыңғы қатардан көрініп, бірнеше оқушы 100-ден жоғары балл еншіледі.

 Мағжан Жұмабаев атындағы ЖОББ мектебі бойынша  жылда мектеп  бітіруші  түлектердің    барлығы   ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, соның 60-70%  мемлекеттік грант иегері атанып,еліміздің беделді оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

 Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі  жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аясында еліміздің 30 жалпы білім беретін пилоттық мектептер қатарында . Орта білім мазмұны жаңарту  шеңберінде аталған ауыл мектебі ретінде  Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп, нәтижелі әдістемелік  жұмыстар атқаруда.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Туған жер» жобасы  аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде  Нұра ауданынының Құрметті азаматы, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, ҚазССР-ның еңбек сіңірген мұғалімі Усабаева Нұрғайша Жағанқызы атындағы орыс тілі, әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты,  ұлт қайраткері, Нұралық ақын Бүркіт Ысқақұлы атындағы қазақ тілі  мен әдебиеті,  40 жылдан астам ауданның  білім беру саласында ұстаздық қызметін абыроймен атқарған, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» ,  «Еңбек ардагері» Жахина Жамал Ильясқызы атында ашылған  жаңа үлгіде жабдықталған кабинеттер ашылды. 

Мектепте     «Жас сарбаз» сыныбы  ашылып, «Жас сарбаздармен» әскери-патриоттық тәрбие беру іс-шараларың  өткізіліп,  әскери дайындықты меңгертуде.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30-жылдығына орай «Сарбаз сахнасы» әскери-патриоттық байқауына қатысып, «Жас Сарбаз» сыныбы Тәуелсіздік тақырыбына «Тәуелсіздік толғауы» көркем сөз оқу шеберлігі, «Елім менің» номинациясы аталымы боынша патриоттық ән орындауда, «Алаш арыстары» аталымы бойынша көрініс қою сайыстарында  жүлделі орындарды иеленіп, облыстық  деңгейде жеңімпаз атанды.

Мектеп  оқушылары  облыстық «Ұлан» әскери-патриоттық ойындарында дипломмен, облыстық, аудандық көңілді тапқырлар ойындарында «Үздік КВН командасы», аудандық «Жас жол инспекторлары», аудандық «Үздік дебат командасы» сайыстарының, Республикалық «Мың бала», облыстық «Алтын сақа»  математикалық олимпиадаларының  жеңімпазы аталып, арнайы дипломдарымен марапатталды.

       К.Д.Жанкуатова «Білім беру саясаты, тәжірибе мен зерттеу», «Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму», «Білім саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату», «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық  және инновация»  тақырыптарындағы Халықаралық конференцияларының қатысушысы.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту мақсатында мектептің даму  жоспарын құрып, тәжірибелі, білімді мұғалімдерді жинақтап, педагогикалық ұжымның жаңа технология, жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануына үнемі  бағыт-бағдар береді. Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін мектепте, облыста, республика көлемінде тарату мақсатында түрлі деңгейдегі семинар, конференциялар ұйымдастырды.

       К.Д.Жанкуатованың ұйымдастыруымен «Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ-де «Білім берудің инновациялық әдістерін оқу-тәрбие процесіне енгізе отырып, оқушылардың қабілеттерін дамыту»,  «Жаңа форматты мұғалім қалыптастыру бағытының  бастамасы» , «Жаңартылған бағдарлама –табысты болашақ кепілі»тақырыптарында  аудандық, облыстық  семинарлар   өткізілді.

Білім ордасының педагог қызметкерлері облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби байқауларда жүлделі орындарға ие болып, педагогикалық шеберлігін шыңдауда. Мектеп ұстаздарының қатарында «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегерлері,  «Педагогика саласының үздігі», «Дене шынықтыру пәнінің үздігі», «Биология пәнінің үздігі», «Талантты ұстаз» марапаттардың иегерлері бар. Бастауыш сынып мұғалімі Акимжанова Динара Куанышевна  «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» атты республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен және «Талантты ұстаз» төс белгісімен марапатталады.   15 мұғалім «Жаңа білім беру жүйесі-заман талабы» атты республикалық ғылыми –тәжірибелік конференцияға қатысып, білім беру ісін жетілдіру бағытындағы идеяларын ұсынды.  Мұғалімдердің   жаңа заманға лайықталған сабақ жоспарлары конференция жинағына енгізілді. Қазақстан педагогтар қауымдастығының мақсаттары мен міндеттерін орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін  оқу ісінің меңгерушісі Шулембаева Анар Сериковна  «Педагогика саласының үздігі» төс белгісімен марапатталады. 

Мектеп ұжымы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, «Цифрлы мектеп» жүйесіне толығымен көшті. Мектеп сайты, Kundelik.kz ,  Bilimlend,  Enbek.kz  сайттары тұрақты жұмыс жасап жатыр. жаңаша үлгіде жабдықталған «ІТ-сыныбы» ашылды. Мектеп оқушысы «Электроника және радиотехника»  саласы бойынша облыстық «Жас  радиоконструкторлар»  сайысының  жүлдегері атанып,  Халықаралық «Roboland 2018» олимпиадасы  бойынша  «ЖАС ТЕХНИК» номинациясымен марапатталды.

Ауылдық жерлердегі өмір деңгейін жақсартуға, ауылға жас мамандарды тартуға бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шапағатын сезініп отырған жас мамандар аталған білім ордасында аз емес.

Кейінгі үш жылда   «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында   мектепке он бес  жас маман жұмысқа қабылданып, олар жас ұрпаққа білім беру бағытында еңбек етіп келеді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында   мектепке жұмысқа қабылданып, жас ұрпаққа білім беру бағытында еңбек етіп жүрген  география пәнінің мұғалімі Усербаев Нурдос Жанатұлы  облыстық «Жыл мұғалімі» сайысына қатысып,  облыс әкімінің сыйлығының иегері  атанып, І дәрежелі дипломмен және «Жыл мұғалімі-2021» атағымен  марапатталды.

 «Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» базасында  К.Д.Жанкуатованың ұйымдастыруымен  «Жаңартылған бағдарлама –білім берудің жаңа мазмұны», «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі",  "Командалық сабақтың тиімділігі" "Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері", «Рухани жаңғыру-жаңа сапалы білімде» тақырыптары  бойынша Қарағанды қаласындағы  «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ұстаздарымен бірлескен  әдістемелік  семинарлар  өткізілді.

К.Д.Жанкуатованың бастамасымен белгілі Нұралық ақын, публицист, ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ұлт қайраткері Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығын облыс көлемінде кеңінен насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда биыл екінші жыл «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында  Бүркіт Ысқақұлының шығармаларын мәнерлеп оқу  байқауының аудандық және облыстық кезеңдері  өткізілуде. К.Д.Жанкуатова Бұркіт Ысқақұлы туралы бастауыш сынып оқушыларының білімдерін кеңейту,әдебиеттік оқуға  арналған 3 - сыныптардың оқушыларының білімдерін жетілдіруге бағытталған «БҮРКІТТАНУ» арнайы оқу бағдарламасы мен әдістемелік құралдың авторы. Осы аталған курс бойынша 2021-2022 оқу жылында бастауыш сынып оқушыларымен ұйірме жұмысын өткізіп , нәтижесінде биылғы оқу жылында бағадарламаны облыстық оқу-әдістемелік орталығына бекітуге ұсынбақ.

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін  Жанкуатова Кулпаш Даукесовна  «Ы.АЛТЫНСАРИН»  белгісімен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, облыс  әкімінің  Құрмет грамоталарымен марапатталып, ұстаздық жолындағы жетістіктері туралы мәліметтер Алматы «Ғылым» баспасында шығарылған «Үздік білім қызметкерлері» энциклопедиясына жазылған.

 «Жаңа 100 есім» бағыты бойынша К.Д.Жанкуатованың  мектеп директоры ретіндегі   маңызды жұмысы жоғары бағаланып, білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Мәртебелі мектеп директоры» төс белгісімен марапатталды.

2022жылдың 16 тамызында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің ҚҰРМЕТТІ  ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.

Жанкуатова К.Д   -  өзіне  жоғары талап қоя білу, өзіндік тәртіп,  алған еңбекшілдік, жауапкершілдік, көпшілікпен тіл табыса білу сияқты жеке бас қасиеттерімен ерекшеленеді.   

Кулпаш Даукесқызы   осындай  қажырлы еңбектері үшін аудандық білім беру бөлімінің,  облыстық білім басқармасының , облыс әкімінің грамотасымен бірнеше мәрте марапатталып,   Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы  Білім  және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Жанкуатова Күлпаш Даукесовна - өскелең ұрпақты жан-жақты білімді, елжанды азамат етіп тәрбиелеуде тынымсыз еңбек етіп жүрген ізденімпаз басшы.  Ұстаз ұжымда, ата-аналар мен шәкірттері арасында үлкен беделге ие.

Новости